«Формат» тобы Дженнифер Лопестің концертінде өнер көрсетеді


Әлемге әйгілі поп-орындаушы Дженнифер Лопестің алдағы концерті қазақстандықтар үшін ерекше жаңалықпен толықты. Танымал «Формат» тобы JLo-ның шоуына арнайы шақыртумен қатысады. Бұл туралы әнші Қайрат Баекенов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Қайраттың айтуынша, бұл ұсыныс концерттің Қазақстандағы ұйымдастырушыларынан емес, тікелей Дженнифер Лопестің командасынан түскен.
Джей Лоның командасы әр елде өтетін концертіне сол мемлекеттің талантты музыканттарын зерттеп, өз стиліне сай келетін орындаушыларға арнайы ұсыныс жасайды екен. Бізге де сондай мүмкіндік бұйырып отыр» – деді Қайрат Баекенов.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
«Керемет жаңалық! Нағыз кәсіби музыкантты, кәсіби әншіні инстаграм не TikTok арқылы емес, шынайы еңбегімен танып, таңдапты», «Мәссаған, керемет жаңалық! Джей Лоның талғамы менің талғамыммен бірдей екен», «Қайрекең легенда ғой! Джей Ло емес, сізді тыңдауға барамыз!» – деген секілді пікірлер жазылды.



