Ерке Есмахан көпшілікке баласын бесікке салғанын көрсетті
15 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында ұлын бесікке салғанын көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жапты. «Тыштымасын» жасап, бәріміз «Бесік жырын» айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім, - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Ерке мен Раимның бұл қуанышына ортақтасып, жылы лебіз білдірді. «Бесігі құтты болсын», «Сәбидің ұйқысы тыныш болсын», «Сәби аңсаған әр отбасыға жұғысты болсын», - деп жазды желідегілер.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты