Ерке Есмахан болашақ сәбиінің есімін кім қоятынын айтты
Әнші Ерке Есмахан болашақ сәбиініңесімін өзі қоймайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Эстрада жұлдызы өзінің Instagram желісінде болашақ перзентінің есімін ата-енесі мен күйеуі қоятынын айтты. Оның айтуынша, бұл мәселеде оның пікірін ешкім тіпті сұрамаған.
Ол шіркінайдың есімін мен қоймайтыным анық. Ата-әжесінің бірінші немересі, әкесі де отыр жүрегі алып ұшып. Шын айтайын, мені елеп, пікірімді сұрап жатқан ешкім жоқ, - деп ағынан жарылды.
Оған қоса, Ерке Есмахан қазірдің өзінде әкесі мен сәбиінің арасында ерекше байланыс бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, болашақ сәбиі жұлдызды әкесінің дауысын жақсы көреді.
Маған қарағанда әкесінің дауысын жақсы көреді. Сөйлессе қозғалып жауап қайтарады. Ән айтса тыңдайды, мазасызданса сүре, дұға оқиды. Оған да реакциясы өзгеше. Алланың құдыреті ғой, - деп жазды өнер иесі.