00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Екі рет ажырасқан Дәурен Айдарқұлов бақытты отбасы құрудың құпиясын бөлісті

Екі рет ажырасқан Дәурен Айдарқұлов бақытты отбасы құрудың құпиясын бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Белгілі актер әрі шоумен Дәурен Айдарқұлов жігіттерге ажырасудың зардабы туралы ақыл айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Әйелім екеуіміз ата-анаммен бірге тұрған кездерде анам мен жұбайым жиі келіспей қалатын. Сондай сәттерде мен де, анам мен әйелім де өзімізді жаман сезінетінбіз. Мен әйелімді жазғырып, қандай жағдай болмасын оны кінәлайтынмын, – деген ол өз ісіне өкінетінін жеткізген.

Актер өзінің бұл әрекетінің дұрыс емес екенін түсінген. Сондай-ақ ол ер адам әуелі өзі өзгеруі тиіс деп есептейді. 

Мен әйелімді емес, өзімді өзгертуім керек еді. Жұбайым менің ата-анамды асты-үстіне түсіп, сыйлағанымды көрсе, ол да дәл солай сыйлайтын еді. Керісінше, сіз әйеліңіздің алдында әке-шешеңізді сыйламасаңыз, олардың ара қатынасы жақсы жаққа өзгермейтіні анық. Сондықтан жігіттер, әйелдеріңді емес, өзіңнің ата-анаңа деген қарым-қатынасыңды өзгерт, – деді Дәурен Айдарқұлов.

Осылайша, екі рет ажырасқан актер елімізде екі жаққа кетіп жатқан отбасылардың санын азайту мақсатында жігіттер қауымына ақыл-кеңес берген.