Дариға Бадықова ақшаға қатысты қорқынышы туралы айтты

25 тамыз, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views58
Дариға Бадықова ақшаға қатысты қорқынышы туралы айтты
Фото: Instagram/dariga_badykova

Бұл туралы танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ақшаға байланысты стратегиям бар. Эмоционалды ала салу жоқ. Арасында болып қалуы мүмкін. Дымға қызықпаймын деп айтудан аулақпын. 2 жылда бір, 1 жылда бір рет бір сөмке, яғни бірдеңе аламын. Бірақ ай сайын емес», - деді актриса.

Сұхбат барысында ол ақшаға байланысты қорқынышы туралы айтты.

«Ақшаға байланысты қорқынышым бар. Шаша берсем, ақшасыз қаламын. Маған ақша болған ұнайды. Жан-жағыма көмектесіп, нәтижесінде өзім дымсыз қалған жағдай болды. Бірақ «Құдай береді» деген сезімде болдым. Маған көмектескен ұнайды, себебі адамға көмектесе алмай отыра алмаймын», - деді ол.

Сонымен қатар өнер иесі қаржыны жұмсауда белгілі бір тәртіпке сүйенетінін айтты.

«Көмектесу керек, адам адамды қолдау керек деп жатады ғой. Сол сөздерді мен жақсы түйіп алғанмын. Маған адамдарға көмектесу, оларға сыйлық жасау ұнайды. Сыйлық жасасам, өзімді күшті сезінемін. Психологтар мұны бала кезде мойындалмағаннан деп түсіндіреді, бірақ олай емес. Мен бала кезімде барлық нәрсені алдым: әке-шешемнің махаббатын да, ауылымның, туған жерімнің, сыныптастарым мен әріптестерімнің де махаббатын алдым. Бір жерде өз-өзіме деген сенімім түсіп қалған жағдай болған жоқ. «Ақша берсең, жұдырығыңды бүгіп бер» деген сөз бар ғой. Мен стратег адаммын.  Артылып тұрса — беремін, артылмай тұрса — бермеймін. Бірақ көп сыйлық жасаймын, өзім бергенді ұнатамын», - деді актриса.

Сара ҚАМЗАЕВА