Баян мен Тұрсын Алагөзовтер қыздарының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді

25 тамыз, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views73
Баян мен Тұрсын Алагөзовтер қыздарының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді
Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен танымал продюсер Баян Алагөзова егіз қыздарының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл туралы продюсер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан қос бүлдіршіннің тұсауын тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай кескенін көруге болады.

«Айсәуле екеуіміз Алма мен Алиса қыздарымыздың тұсауын кестік! Тәй-тәй басқан балапандар, сәтті болсын қадамдарың! Асулардан аса беріңдер! Баяша тәте, Тұрсен жезде, той құтты болсын!», – деп жазды Аша Матай өз парақшасында.

Сондай-ақ мерекелік кеште Тұрсын мен Баян Алагөзовтер қыздарының құрметіне ән айтты.

Желі қолданушылары оларды құттықтап жатыр.

 «Қандай керемет!»,  «Махаббатты экраннан-ақ сезесің», «Бақытты ата-ана – бақытты бала», «Әндері де тамаша!»,  «Отбасыларыңыздан бақыт кетпесін», «Кішкентай Алма мен Алиса әрдайым бақытты болсын» деп жазды желі қолданушылары.

Сара ҚАМЗАЕВА