«Бауырыңның үйіне де бара алмайсың»: Белгілі әнші отбасылық мәселені көтерді

20 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Бауырыңның үйіне де бара алмайсың»: Белгілі әнші отбасылық мәселені көтерді
Фото: instagram.com/dossymzhan_tanatarov

Танымал әнші Досымжан Таңатаров бүгінде туған-туыстың арасы ажырап кеткенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнер иесі жастық шағынан сыр шертіп, сол кезді сағынатынын да жасырмады. 

«Біз бұрын басқа уақытта тәрбиелендік, туыстарымыздың үйіне емін-еркін бара алатынбыз. Қазір ешкім ешкімге беймезгіл, бей уақытта бара алмайды. Барса хабарласып, алдын ала айтады. Біздің кезде телефон да жоқ, үйіне барып алып, үйінде жоқ болып қалып, есігінің алдында отыра беретінбіз. Түннің бір жарымында құда бола ма, басқа бола ма, бір көрген адамның үйіне кіре беретінбіз. Олар оны кәдімгідей қабылдайтын, олар сосын жоқты да, барды да қабылдай беретін. Сын көзбен қарамайтын, оны біз де қабылдай беретінбіз, осындай екен болды дегендей. Солармен бірге аштықты-тоқтықты көріп, бар нәрсені жеп дегендей. Қазір бөтен түгілі өзіңнің туысыңның өзі «біз келе жатырмыз, бола ма, болмай ма» деп ескертеді. Ол болмайды десе ренжуге хақың жоқ. Сондықтан ұл-қыздарымыз басқа уақытта тәрбиеленіп келе жатыр», - дейді әнші.