«Бәрін пісіріп тастапты» Гүлзира Айдарбекова келінімен мақтанды
Көпке танымал продюсер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында кенже келінінің пісірген тамақтарын түсіріп, қолы ұзарып жатқанын айтып мақтанды, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлының әйелі жолдан келген енесі үшін дастархан жайып тастаған.
Индираның тамағын тойдаған кейін жеймін ба десем... Сөйтсем, бәрін пісіріп тастапты. Жарайсың, керемет. Рақмет жандарым. Мені күтіп, тамақ жемей отыр өздері, - деді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас бірнеше күн бұрын қалыңдығын ұзатып алды. Ұзату той барлық салт-дәстүрге сай өтті. Айдарбековтер отбасы қыздың ата-анасының алдынан өтіп, Жібек есімді аруға сырға салып, құжа түсті. Кейін «құдалық» тойын жасады. Тойға шоу-бизнес жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында әнші Жазира Байырбекова, Нұрлан Еспанов, Абай Бегей, Мирас пен Құралай бар.