«Бөпеміздің өмірге келуіне санаулы күндер қалды»: Ерке Есмахан оқырмандарына жүрекжарды жазба арнады

11 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Бөпеміздің өмірге келуіне санаулы күндер қалды»: Ерке Есмахан оқырмандарына жүрекжарды жазба арнады
Фото: Ерке Есмахан/Instagram

Үшінші сәбиін күтіп жүрген қазақстандық эстрада әншісі Ерке Есмахан желіде жаңа суреттерін жариялап, оқырманына жүрекжарды жазба арнады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында осы жасына дейін қойған барлық мақсатына жеткенін жазды.

«Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сансыз шүкір айтамын! Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетім мен көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін», - дейді ол.

Ол желідегі оқырманына өз өміріндегі барлық ғажайып жұғысты болсын деп тіледі.

«Осындай жүрекжарды жазба арнағым келді. Соған қарағанда іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау», - деп топшылады әртіс.