«Қашан түн болады?»: Құралай ханым жолдасымен қайта неке жаңғыртты

14 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Қашан түн болады?»: Құралай ханым жолдасымен қайта неке жаңғыртты
Фото: видеодан скрин

Танымал психолог Құралай Ошақбаева жолдасымен бірге Үндістанға барып, некесін жаңғыртты, деп хабарлады Elordainfo.kz

Жеке парақшасына видео жүктеп, үнділердің ұлттық киім кигендерін көрсетті. 

«Шри-Ланка дәстүрінде бар неке жаңғыртуды біз де жасадық. «Үнді махаббаты» болып, 25 жұп некемізді жаңғырттық. Отбасылық достарымызбен жылдағы дәстүріміз әдемі жалғасты. Өз өмірімізден кино жасаймыз деп сөзге қалдық. Бұрыш-бұрышта тығылып, әр нәрсені бүлдіріп, арақ ішіп, неше түрліні көрсетіп жүргендер бар емес пе?! Оның қасында бала кезден көріп өскен үнді фильмдерін өз көзімізбен көріп, бөтен емес, өз байымызбен, өзіміз үшін естелік етіп контент жасап жатқан жоқпыз ба?!», – деп жазды психолог. 

Аталған жайтқа қатысты журналист Гүлбану Әниятқызы өз пікірін білдірді. Ол неке жаңғырту дәстүрін алғаш қазақ эстрадасында Қыдырәлі мен Қарақат бастағанын атап өтті.

«Осы неке жаңғырту дегенді Қыдырәлі мен Қарақат бастап берді-ау деймін. Қазақтар енді Шри-Ланкаға барып, үндіше киініп, қазақша бата беріп, өмірлерін кино жасап жүр екен.

Бәрінен де күйеулерін қалай көндірген десеңізші. Қашан түн болады деп қояды», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары аталған дәстүр мен осы ырым-жоралғыны жасап отырған Құралай ханымды сынның астына алды. Олар мұндай дәстүр қазаққа жат екенін әрі тоқшылық көрінісі екенін басып айтты.