Қарақат Әбілдина марқұм анасын есіне алды

Фото: instagram.com/karakat_a
Танымал әнші Қарақат Әбілдина марқұм анасына арнап, жазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иесі осыдан бес жыл бұрын дүниеден озған анасын есіне алды.
«Ана туралы ән айтылғанда тамағыма ащы өксік тығылады. Сіздерде де солай ма? Ана мен бала арасындағы тылсым байланыстың құдіреті қандай күшті еді. Балам сахнада қолында бір шоқ гүлі бар «анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деп анасына ән арнап тұр. Анасы болса «сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын» деп өз анасын ойлап көңілі босап отыр. Ех, бір кем дүние-ай. Аналарыңыз аман болсыншы», – деп жазды әнші.
Айта кетейік, өнер иесінің анасы бір күнде еш ауырмастан дүние салған еді.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді

6 қазан, 2025
«Көңілің кетті ме»: Дариға Бадықованың күйеуі ажырасуы туралы айтты

13 қыркүйек, 2025
Қайрат Нұртастың қызы жаңа көлігін көрсетті

12 қыркүйек, 2025
Фариза Төреәлі баласын алғаш рет көпшілікке көрсетті