Актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелі туралы сұрақтарға жауап берді


Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты оқырман сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иесінің оқырманы «Ғашық болып қалдым деуден шаршамадың ба?» деген сұрақ қойды.
«Ғашық болудан шаршамайды, ләззат алады. Нағып үйтесіңдер. Салауатын үзбейді ең бастысы» ,- деп жауап берді ол.
Сонымен қатар орамал таққан бойжеткеннің фотосын көрсетті.
Желі қолданушылары «Ана әйелден құтылғанын жақсы болды, сториске салып ұрысатын» деп жазды. Нұрсұлтан Жақсыген қазір оған уақыт жоқ екенін айтты.
«Алла шүкір хайырлысын дайындап қойыпты ғой сол. Қазір ұрсуға уақыт жоқ»,- деді ол.
Одан кейін актер «Қалай ұмытып кете салдыңыз әйеліңізді?» деген оқырман пікіріне де жауап жазды.
«Қараңғыда жарық шам жағып келген жанды бағала дейді. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақыты бітті пойыздан түсіп қалды»,- деді Нұрсұлтан Жақсыген.
Ол белгісіз арумен жазысқан хатын жариялады.
«Мен сізді Алла разылығы үшін ұнатам. Сіз сияқты ер азаматты тапқаныма қатты қуанам. Сондай сүйкімді. Ути пути өзі»,- деп жазған белгісіз ару хатта.



