00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Адам қағып кеттім»: Бауыржан Исаев алаяқтар ата-анасын алдап кеткенін айтты (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Адам қағып кеттім»: Бауыржан Исаев алаяқтар ата-анасын алдап кеткенін айтты (ВИДЕО)

Әнші Бауыржан Исаев «Айнаline» бағдарламасында ата-анасының алаяқтарға алданып қалғанын айтты, деп жазады Elorda.info.

Осыдан 10-15 жыл бұрын менің әке-шешемді алдаған болатын. Естеріңізде болса, ол кезде абақтыда отырып алып, «Анашым, мені ұрып жатыр. Мен адам қағып кеттім. Енді 100 мың теңге салмасаң, мені ертең соттайды» дейтін алаяқтық сәнде еді. Менің жалғыз бауырым бар, әке-шешем зейнеткер. Оларға солай хабарласқанда сасып қалып, 80 мың теңге аударып жіберген. Содан кейін ғана маған хабарласты. Мен бірден ағама телефон шалып, «Амансың ба?» деймін. Ол жақсы екенін айтты. Мен алаяқтар екенін бірден білдім. Анама «Ештеңе етпейді. Солай болды. Енді сондай болса, ең бірінші маған хабарласыңыздар» дедім. Бірақ өзім алданған емеспін, - деді ол.