Айнұр Тұрсынбаева ұлының тойында сыйлықтарға тек бриллиант таратты (ВИДЕО)
Айнұр Тұрсынбаева ұлы Бекланның тойын Стамбұлда дүркіретіп өткізді. Тойға қазақ шоу-бизнес өкілдерінің барлығы жиналды. Тұрсынбаева той қонақтарына сыйлыққа бриллиант берді, деп хабарлады Elorda.info.
Жас келіннің бетін ақын Жандарбек Бұлғақов ашса, екі жастың некесін әнші Алтынай Жорабаева қиды.
Стамбұлда өткен тойға Қазақстаның шоу-бизнес әртістері түгел жиналды. Қыдырәлі мен Қарақат, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова, Ерке Есмахан, Алтынай Жорабаева, Ерлан Көкеев, Тұрсынбек Қабатов және тағы да басқа көптеген жұлдыздар Тұрсынбаеваның қуанышына ортақтасты. Сондай-ақ, ресейлік танымал әнші Авраам Руссо тойдың қадірлі қонағы болды.
Тойда Айнұр Тұрсынбаева келініне арнап ән орындады. Айтыскер ақын тойда белсенді болып, байқауларға қатысқан қонақтарға бриллиант таратты.