00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ninety One Қостанайда өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмектеседі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ninety One Қостанайда өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмектеседі

Атышулы топ бұл туралы өздерінің ресми Instagram парақшасында жариялады.

 Қостанай облысындағы жағдай бізді де алаңдатты. Расымен, осы уақытқа дейін өзге елдерде болған өртті естіп, алаңдаушы едік, "әлем халқы аман болсын" деуші едік. Ал өз елімізде осындай жағдай орын алғанда, мұның қаншалықты қиын екенін екі есе түсіндік. Қазір тілсіз жаудан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр. Көрсетілуі тиіс те. Осындайда ел болып, бірлігімізді көрсетуіміз керек. Біз, Ninety One тобы, сіздермен біргеміз! Өз ұжымымыздың атынан Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетеміз. Еліміздің әр тұрғыны біз үшін қымбат, - деп жазылған хабарламада.

 

Гүлжан Уалиева