«Мекенжайды білесіз бе?»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасты ұялтып тастады (ВИДЕО)
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп жазады Elorda.info.
Бейнежазбада Жұлдыз күйеуін ұшақта кездестіріп қалғанын айтты.
Жалпы, үйге бара жатырсыз ба? Мекенжайды білесіз бе? – дейді актриса.
Өзің тықпасаң, ұмытпаймын ғой, – деп жауап берді Қайрат Нұртас.
Жақсы, мекенжайды жазып жіберемін, – дейді Жұлдыз.
Желі қолданушылардың бір тобы әншінің отбасына көңіл бөлмейтінін айтса, енді біреулер өзара әзілдескен жұпқа сәттіліктер тіледі.
«Жұлдыз дұрыс жасап, ойынмен жеткізіп отыр, демек, балаларына дұрыс көңіл бөлмей жүргені», «Дұрыс, түсінетін адам болса, әзілдеп жеткізді», «Әбден мазақ етті-ау»,
«Қайроштың жуастығын пайдаланатын сияқты көрінеді», «Қартайыпты Қайрат», – деп жазып жатыр олар.