Анасымен бірге ашық образда фототүсірілім жасаған Әсел Асқар сынға қалды (ФОТО)
Stan.kz-тің жазуынша, Әсел Асқар анасымен үнемі фототүсірілім жасайды. Бұл жолы тіпті ашық образды таңдаған. Көпшілік оның анасының жастығына қайран қалса, енді бірі образы жасына сай емес деп сын айтты.
Алайда актриса желіде ашық образдарымен танымал.
Олардың бірі анасының жасына сын айтса, енді бірі Әселдің сымбатын сөз етті. Босанған соң сымбатын жоғалтып алды деп мін тақты.
«Ата бабамыз осындай ұрпағымыз еркін өмір сүрсінші деп соғысып қырылды ма екен?», «Бұл суреттерді өз альбомыңызда қалдырмадыңыз ба?», «Әдемі, бірақ біртүрлі қабылдай алмаймын», «Қазақтың біреуі анасы, біреуі қызы, ұят нәрсе жасап жүргендеріңіз. Арттағы ұрпаққа көрсеткен өнегелеріңіз бе? Қос етек пен шашбау тақса бұдан да әдемі болар едіңіздер. Құдағай, келін деген атақтарыңыз қайда? Өздеріңізге керім болып тұрған шығарсыздар. Мен үшін масқара», Сіздің анаңыз ба? Құрбыңыз екен деп қалдым», «Анасын көріп қызын ал деген», «Қайсысы қызы, қайсысы анасы?», «Анасы жас қыздар секілді екен», «Анаңыз қаншада?», «Сіз тағы да жүктісіз бе?», – деп сауал жолдады желідегілер.