00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қостанайда Қайрат Нұртасты ұрып кетті»: ПД басшысы түсініктеме берді (ФОТО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қостанайда Қайрат Нұртасты ұрып кетті»: ПД басшысы түсініктеме берді (ФОТО)

Қостанай облыстық Полиция департаментінің басшысы facebook-парақшасында осы жайтқа қатысты пікір білдірді. 

Бүгін Қостанайда танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың аяусыз соққыға жығылғаны жөнінде хабарлама алдым. Ақпаратқа «Полиция департаментінің жетекшісі баспасөз қызметі» арқылы түсініктеме беріпті-мыс. Қайрат Нұртастың жағдайына көз жеткізу үшін онымен кездескенімді хабарлаймын, - деді Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков.

Оның айтуынша, әншінің жағдайы жақсы, ақпарат – жалған.

ПД басшысы сөзінің дәлелі ретінде әншімен бірге түскен суретін жариялады. Қайрат Нұртастың Қостанайда концерт бергенін атап өтті. Сондай-ақ департамент басшысы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруге кірісті.