Жыл басынан бері 100 астам жасырын есірткі зертханасы жойылды

Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қуандық Әлжановтың сөзінше, осы жылдың 8 айында 2 388 есірткі қылмысы анықталды. 14 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 жетекшісі мен 52 белсенді қатысушысы қамауға алынды.
«Заңсыз айналымнан 13,5 тонна есірткі тәркіленді. Бұл ретте синтетикалық түрлері өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық болды және 1 100 тоннадан асты. Осылайша, 7 миллионнан астам доза есірткі заттары заңсыз айналымға жіберілмеді. 105 жасырын есірткі зертханасы жойылды, олардың 12-сі синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан. Жалпы 24 мың тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді», - деді спикер.
Сонымен қатар, 114 өңіраралық есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды, 2 сыртқы канал жабылды.



