Президент G42 компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Жоба заманауи технологиялық шешімдердің көмегімен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Кездесуде инновациялық технология және «ақылды» инфрақұрылым салаларында Қазақстан мен G42 компаниясы арасындағы ықпалдастықты кеңейтудің тың мүмкіндіктері қарастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
29 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды
29 қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді
28 қазан, 2025
Екі ел бизнес құрылымдарының арасында өзара сенім бар – Стубб
28 қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб «Қазақстан – Финляндия» бизнес форумына қатысты
