Президент биыл мерейтойын атап өте ме?
15 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.
Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды.
Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, - деп жазды Р.Желдібай.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:49
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
Бүгін, 09:41
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Бүгін, 00:40
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды