00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Орталық Азия мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының болашағы зор – Президент

2 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Орталық Азия мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының болашағы зор – Президент
фото: akorda.kz

Өткен жылы Қазақстанның ЕО елдерімен өзара тауар айналымы 40 миллиард долларды құрады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Орталық Азия мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының болашағы шын мәнінде кең көлемді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша еуропалық инвестициялар ағыны 23%-ға артып, 12,5 миллиард долларды құрады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, 30 жыл ішінде Қазақстанға тартылған 350 миллиард долларлық тікелей шетелдік инвестициялардың жартысына жуығы Еуропадан келген.

Еуропалық Одақ - Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып отыр, біздің сыртқы саудамыздың 40%-дан астамы оның үлесіне тиесілі. Өткен жылы Қазақстанның ЕО елдерімен өзара тауар айналымы көлемі 40 миллиард долларды құрады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндігіміз бар деп санаймын, - деді Мемлекет басшысы.