00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

10 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Лесұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Сондай-ақ Президент өкімімен осы қызметті атқарып келген Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.