Марапат алғандардың көпшілігі қарапайым еңбек адамдары
24 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Ақорда
Республика күні мерекесіне орай еліміздің бір топ қарапайым еңбек адамдары Мемлекет басшысының жарлығымен түрлі наградаларға ие болды, деп хабарлады Elorda.info
Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілген.
Атап айтқанда, марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар.
Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам, - делінген дерекөз таратқан ақпаратта.
Наградталғандардың тізімі баспасөзде жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
23 желтоқсан, 2024
Президент Энергетика министрін қабылдады
21 желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Германия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
20 желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президентін қабылдады
19 желтоқсан, 2024
Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды