00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қалалық Білім басқармасы 2025 жылы ваучерлік қаржыландыру жүйесін жүзеге асырады

Қалалық Білім басқармасы 2025 жылы ваучерлік қаржыландыру жүйесін жүзеге асырады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ваучерлік қаржыландыруды жүзеге асыру кестесіне сәйкес, Астана қаласы жаңартылған әдістемеге көшуді 2025 жылдың қаңтарында жүзеге асыруы тиіс. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев Астана қаласының Коммуникациялар брифингінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, осыған байланысты Білім басқармасы 2024 жылдың қарашасынан бастап ваучерлік қаржыландыруды енгізуге дайындық шараларын қабылданып, оның аясында басқарма қызметкерлері мен басшылығы Шымкент және Тараз қалаларына тәжірибе алмасу мақсатында жіберілді.

«Бүгінгі таңда Білім басқармасымен келісіліп, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен ортақ жол картасы бекітілді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын алу, ваучерлік қаржыландыруға көшу, әдістемелік және техникалық өзгерістерге үйрету бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілуде. «Астана қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың ваучерлік қаржыландыруға көшу» тақырыбындағы оқыту-семинарына 600 мектепке дейінгі ұйымның басшылары және жауапты мамандар қатысты», - деді ол.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы мәліметінше, «INDIGO» ақпараттық жүйесіндегі кезекті жаңарту және оны санаттарға бөлу жұмыстары ағымдағы жылдың 26-30 желтоқсан аралығында өткізіледі. Аталған күндері жүйедегі қызметтер қолжетімсіз болады.

24-27 желтоқсан аралығында қаланың 6 ауданында ата-аналар және баланың заңды өкілдері үшін «Ашық есік» күндері болады. Іс-шара сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжайларда жүргізіледі:

Алматы ауданы: Әл-Фараби атындағы «Оқушылар сарайы», Б. Момышұлы даңғылы, 5.

Байқоңыр ауданы: №8 мектеп-лицей, С. Сейфуллин көшесі, 50.

Есіл ауданы: Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей, Д.Қонаев көшесі, 33/1.

Нұра ауданы: №79 мектеп-лицей, М. Нәрікбаев көшесі, 3.

Сарыарқа ауданы: М. Өтемісұлы атындағы «Оқушылар сарайы», Ә. Мәмбетов көшесі, 1.

Сарайшық ауданы: №93 мектеп-лицей, Ж.Нәжімеденов көшесі, 24.

Сондай-ақ әдістемелік көмек алу үшін ата-аналарға мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жанындағы консультативтік пункттерге бару үшін немесе туындаған сұрақтар бойынша Астана қаласы Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 55-68-64, 55-72-49, 55-68-74.