00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ұлытауда киберполиция ірі алаяқтықтың жолын кесті

23 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Ұлытауда киберполиция ірі алаяқтықтың жолын кесті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлытау облысында киберполиция ірі алаяқтықтың жолын кесіп, жәбірленушіге үш миллион теңгесін қайтарды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тергеу барысында алаяқтың WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шығып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырғаны анықталды. Олар көмек көрсету сылтауымен және түрлі айла-тәсілдерді қолдана отырып, әйелді бірнеше банктен несие алуға көндірген. Дегенмен, жәбірленушінің ұлы қырағылық танытып, уақытылы полицияға хабарласты. Жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алып, жәбірленушіге қаржысын қайтарып берді», - делінген хабарламада.

Ұлытау облысы полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеуді және қаржылық көмек немесе жеке мәліметтер сұралған жағдайда аса сақтық танытуды ескертеді. Құқық қорғау органдары телефон немесе мессенджер арқылы ақша беруді талап етпейтінін немесе құпия ақпаратты сұрамайтынын есте ұстаған маңызды. Мұндай алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін полиция дереу ішкі істер органдарына хабарлауға шақырады.