Алмас Алтай және Ерқанат Көпжасарұлы – Қазақстан Халық Кеңесіне отандық журналистика өкілдері кірді
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына отандық журналистика саласының өкілдері де енді. Олардың қатарында журналист Алмас Алтай мен журналист, «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы бар, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Алмас Алтай – «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист. Ол бұған дейін ақпарат саласында еңбек етіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге атсалысып келеді.
Ерқанат Көпжасарұлы – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының мүшесі, журналист. Оның кәсіби қызметі ақпараттық және қоғамдық бағыттағы жобалармен байланысты.
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына журналистика өкілдерінің енуі қоғамдық пікірді қалыптастыру, азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы ақпараттық байланысты дамыту және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау бағытындағы тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына барлығы 126 азамат кірді. Оның қатарында қоғам және мемлекет қайраткерлері, депутаттар, ғалымдар, заңгерлер, кәсіпкерлер, мәдениет және спорт саласының өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері бар.