00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Агенттікте мемлекеттік қызметті алушының құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Агенттікте мемлекеттік қызметті алушының құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тиісті шараларды қабылдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы қазан айында департаментке Астана қаласында орналасқан Сақтандыру компаниясының мекенжайы «Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер» базасында дұрыс тіркелмегендігі жөнінде шағым келіп түскен.

Шағымды қарау барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету барысында деректер базасында дұрыс емес ақпарат енгізгені расталды.

Нәтижесінде департаменттің ұсынысы негізінде Сақтандыру компаниясының қате енгізілген деректері түзетіліп, құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ басқарманың бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғаларына тәртіптік жаза қолданылды.

Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда жазбаша түрде департаментке өтініш бере аласыз. Бұл Сарыарқа даңғылы 13, мекенжайы бойынша, не электрондық түрде «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «EgovKzBot2.0» тelegram-бот арқылы «Уәкілетті органға өтініш» бөлімінде жүзеге асады.