Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
фото: akorda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:44
«Жасыл» трансформация: Қазақстан мен Финляндия бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады
Бүгін, 17:09
Мемлекет басшысы Қызылорда облысында атқарылған жұмысқа оң бағасын берді
Бүгін, 17:05
Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды
Бүгін, 16:58
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты
