Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

4 қыркүйек, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views167
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
фото: Akorda.kz

Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.