Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады
25 маусым, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения Президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
8 қараша, 2024
Президент Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады
8 қараша, 2024
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президентін қабылдады
7 қараша, 2024
Президент Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экология саласындағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды
7 қараша, 2024
Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады