Екі мемлекетке жаңа елшілер тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Беларус және Вьетнам мемлекеттеріне жаңадан Төтенше және өкілетті елшілер тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, -делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Сонымен қатар, Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.