00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Балалар арасында зорлық-зомбылық және буллинг фактілері әлі де азаймай тұр — Президент

Балалар арасында зорлық-зомбылық және буллинг фактілері әлі де азаймай тұр — Президент
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Президент балалардың құқығын қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда бала құқығын қорғауға және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірнеше маңызды мәселе көтергенін еске салып, отбасыларға жан-жақты көмек көрсететін жүйені қалыптастырып, отбасын қолдау орталықтарын ашу, әлеуметтік қолдауды күшейту, заңға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қатаңдататын  өзгерістер енгізу маңызды екенін айтты.   

Сонымен қатар Президент балалар арасында зорлық-зомбылық және буллинг фактілері әлі де азаймай тұрғанын атап өтіп, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік құрылымдармен өзара тығыз жұмыс істеу маңызды екеніне назар аударды. 

Кездесу соңында Президент балалар омбудсменінің өз міндетін тиісті деңгейде атқаруы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтып, балалардың құқығын қорғау ісінде жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнату жөнінде тапсырма берді.