Қазақстанда мыс балқыту зауыты салынады
18 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Мемлекет басшысы China Nonferrous Metal Mining компаниясының бас директоры Чжан Цзиньцзюньді қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында тау-кен металлургиясы және шикізатты терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қытайлық компанияның KAZ Minerals кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстанда мыс балқыту зауытын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспары туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы осындай ірі жобаларды іске асыру – елдеріміз арасындағы табысты серіктестіктің нәтижесі екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:41
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Бүгін, 00:40
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды
20 қараша, 2024
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты берік байланыс орнатты – Тоқаев