Қазақстан мен Түркия жауынгерлік дайындықты талқылады
18 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшылығының түрік әріптестерімен хаттамалық кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов ТР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы, армия генералы Мұса Авсевермен және Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.
Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік дайындық және бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективалары мәселелерін талқылады.
Қорғаныс ведомстволарының өкілдері де әскери-техникалық ынтымақтастық саласында қол жеткізілген уағдаластықтардың жоспарлы түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Ішкі істер министрі Президентке есеп берді
18 қыркүйек, 2024
Президент Қырғызстанмен өткізу пункттерінде индустриялық кешен құру туралы Заңға қол қойды