00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

31 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.