Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт халқын Ұлттық күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Президент шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

19 қыркүйек, 2025
ЖИ дамуы барысында рухани құндылықтар ескерілмесе, технология қоғамды адамсыздандыруға алып барады - сенатор

19 қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

18 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

18 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы бірқатар спортшыларды марапаттады