00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшысымен телефон арқылы сөйлесті

17 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшысымен телефон арқылы сөйлесті
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко және БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян телефон арқылы құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, достас Қазақстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметте оның табысқа жете беруіне тілектестік білдірген.