00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімдігіне барды

25 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімдігіне барды
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімдігіне барды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа реконструкция кезінде әкімдік ғимаратының энергетикалық тиімділігін едәуір арттыруға ықпал еткен заманауи материалдар мен технологиялар қолданылғаны туралы баяндалды. Ғимараттың тарихи мәнін ескере отырып, оның архитектуралық келбетін сақтау туралы шешім қабылданды. Мәрмәрлі қасбеттер, жезбен және табиғи тастармен безендірілген ішкі сәндік элементтер бұрынғы қалпына келтірілді.

1706182327_KZ3_6245_2.jpg

Реконструкция жұмыстары толығымен аяқталған үш павильонға былтыр қазан айынан бастап қала әкімдігінің аппараты мен 14 басқармасы орналасты.

Сонымен қатар Президентке өрттен қатты зардап шеккен №4 павильонда жөндеу жұмыстары жалғасып жатқаны туралы мәлімет берілді. Күмбезді ұстап тұратын қондырғылар мен темір конструкция жоғары температураның әсерінен түгелдей зақымданған. Сондықтан күмбезді толықтай қайта жөндеуге тура келді. Қазір бұрынғысына қарағанда әлдеқайда жеңіл, жаңа конструкция орнатылған. Құрылыс жұмыстарын ақпан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.