Астанаға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді

Фото: primeminister.kz
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады, деп хабарлады Elorda.info.
Тәжікстан басшысын ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды.
Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда. Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $575,7 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты.
Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы. Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:38
Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін, 09:07
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

17 қазан, 2025
Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр

17 қазан, 2025
«Орталық Азия + Жапония»: желтоқсанда Токиода өтетін Саммитке дайындық мәселелері талқыланды