Тұрғындар мәселесін шешуде шабандық танытатын облыстар аталды
Үкімет отырысында 2022 жылғы әкімдердің халықпен кездесулері туралы баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәселелерді шешуде шабандық танытқан өңірлерді атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Министрдің мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер халықпен 28,3 мың кездесу өткізген. Онда 63 мың мәселе көтеріліп, соның 47,6 мыңы шешімін тауыпты. Яғни бұл 75 пайыз көрсеткішті құрайды.
Мәселелерді шешу бойынша жоғары көрсеткіш мына облыстарда: Ақтөбе облысы – 94,7%, Қостанай облысы – 93%, Алматы қаласы – 92,8%. Ал төменгі көрсеткіштер Алматы облысында. Мұнда көтерілген мәселелердің тек 28,5%-ы ғана шешімін тапқан. БҚО-да жергілікті мәселелердің 50,5%-ы ғана нәтиже берсе, ал Атырауда мәселелердің 54,5%-ға қанағаттандырылған, - деді министр.