00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заң қабылданды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заң қабылданды
ашық дереккөз

Депутаттар Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшін жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады, деп хабарлады Elorda.info.

Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттар баяндама жасап, заң жобасын талқылады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы ҚР конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы ҚР конституциялық заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Сенаттан қатысқан 44 депутаттың барлығы жақтады. Мәжілістен қатысқан 93 депутаттың бәрі заң жобасын мақұлдады.