00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Әйгілі футболшы Пеле қайтыс болды

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.