Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды