Мемлекет басшысы Бекет ата мешітіне барды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етті, деп хабарлады Elorda.info.
Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи орында жергілікті ақсақалдармен әңгімелесіп, елдік мәселелерді талқылады.
Қасиетті жерге зиярат ету үшін арнайы келдім. Мұнда 2019 жылы Президент лауазымына кіріскен кезде келген едім. Бүгін жұртшылықпен кездесіп, маңызды мәселелерді талқыладық. Маңғыстау облысының дамуына тың серпін беру керек екенін айттым. Үкіметке тиісті тапсырмалар бердім. Аманшылық болса, келешекте облыста бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бәрі менің бақылауымда болады, – деді Мемлекет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды