00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еуропалық кеңестің басшысы Астанаға іссапармен келді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Еуропалық кеңестің басшысы Астанаға іссапармен келді
ашық дереккөз

Еуропалық кеңестің президенті Чарльз Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлады Elorda.info.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі елордалық әуежайда қонақты Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алғанын мәлімдеді.

Сапар аясында Еуропалық кеңес президентінің Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөздер жоспарланған, – делінген хаттамада.

Кездесу өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша екіжақты келіссөздер жүргізуді көздейді. Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Чарльз Мишель кездесуі жоспарланған.