Екі аптадан кейін елордада ТМД елдері Үкімет басшыларының кеңесі өтеді
Екі аптадан кейін Астанада ТМД мемлекеттері Үкімет басшыларының кеңесі өтеді. Бұл туралы ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Екі аптадан кейін, осы жерде, Астанада ТМД мемлекеттері Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Біз қазақстандық әріптестетірімзбен Үкімет аппаратымен және Сыртқы істер министрлігімен осы Астанада өтетін Үкімет басшылары кеңесінің отырысына бүгіннен бастап дайындықты бастадық. Қазірдің өзінде қалыптасқан күн тәртібіне қарап ол мәжіліс өте мазмұнды өтеді деп үміттенеміз. Ол отырыс барысында да біздің әріптестігімзді жетілдіріп, нығайтуға бағытталған бірқатар құжат қабылданады, - деді ол ТМД мемлекеттері кеңесінің саммитінен кейін өткен баспасөз мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ол жыл аяғында Қазақстанның төрағалығымен ұйымның тағы бір жиыны өтетінін айтты.
Оның үстіне Қазақстан төрағалығымен ұйымның тағы бір жоғары органы ТМД экономикалық кеңесінің отырысы 9 желтоқсанда Мәскеуде болатынын атап өткім келеді, - деді Сергей Лебедев.