00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға қатысушылар ТМД шеңберіндегі сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Сыртқы істер министрлері 14 қазанда Астанада өтетін ТМД саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын келісті.