00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәжіліс цифрлық активтер туралы заң жобасын қарайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәжіліс цифрлық активтер туралы заң жобасын қарайды
ашық дереккөз

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Палатаның қарауына бірінші оқылымда Парламент депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң жобасы енгізіледі. Жаңа заң жобасы цифрлық активтер нарығын дамытуға, цифрлық активтерді шығару, орналастыру және айналысқа шығару процесінде туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған.

Негізгі заң жобаны іске асыру үшін цифрлық активтер мәселелері бойынша ілеспе түзетулер әзірленді. Олар: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Салық кодексі, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары. 

Сонымен қатар жалпы отырыста мәжілісмендер Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы  заң жобасын қарайды.

Сондай-ақ күн тәртібінде «Агломерацияларды дамыту туралы», ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобаларын Мәжілістің комитеттері жұмысқа қабылдайтын болады.