00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сайлау жарияланған соң кибершабуылдар күшейді – Президент

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сайлау жарияланған соң кибершабуылдар күшейді – Президент
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау жарияланған соң кибершабуылдар күшейгендігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.  

Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар, ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет. Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз, – деді Президент.